«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға талап күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға талап күшейді

15.02.2016
«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға талап күшейді
Енді ағылшын тілін білу деңгейі IELTS бойынша 5-ке тең болу керек.


Осы жылы «Болашақ» арқылы инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша магистратураға да тапсыруға болады. Биыл бюджеттен 19 миллиард теңге бөлініп, 700-ге жуық қазақстандық шетелде оқуға жолдама алады деген жоспар бар.

Қазақстан 12 мемлекетпен үкіметаралық келісімге келген. Өткен жылы әріптес елдерде 195 студентіміз білім алған. Ал, әлемнің 18 елінің 45 жоғары оқу орнымен «екі дипломдық» бағдарлама табысты іске асып келеді.

Хабарламаларға жазылу