«Шымкент-Тараз» автожолы 2017 жылдан кейін ақылы болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шымкент-Тараз» автожолы 2017 жылдан кейін ақылы болуы мүмкін

26.07.2014
«Шымкент-Тараз» автожолы 2017 жылдан кейін ақылы болуы мүмкін

«Шымкент-Тараз» автожолы 2017 жылдан бастап ақылы болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев.

«Біз жол үшін ақыны жергілікті халыққа қиын болмайтындай ыңғайлаймыз. Келесі ақылы жол Қызылорда мен Шымкент арасында болады. Себебі ол жолдардың қазіргі құрылыс қарқыны жақсы.

Сонымен қатар, мысалы, Ташкенттен жыл бойы жеміс пен көкөніс тасымалданады. Біздің мемлекетіміздің транзиттік әлеуетін неге пайдаланбасқа?», - деді вице-министр.

Осыған қоса, вице-министр жергілікті халықтың жағдайы ескеріліп, олар үшін жолдың ақысы көп болмайтынын айтты. «Шымкент-Тараз» жолы 2017 жылдан бастап ақылы болады деп, жоспарлануда.

 

 

Хабарламаларға жазылу