Қарашада елде тағы 7 жол ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашада елде тағы 7 жол ақылы болады

15.09.2021

Қарашада елде тағы 7 жол ақылы болады. Олар Нұр-Сұлтан – Павлодар, Щучинск – Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар және Шымкент – Қызылорда бағыты. «ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, учаскелер қазір жабдықталу үстінде. КСМ 1 қазаннан бастап ақылы жолдар сынақ режимінде жұмыс істейді. Ал ақы төлеу қарашада енгізілмек. Мамандар төлем мөлшері 2013 жылдан бері өзгермегенін және алдағы уақытта сол бағамен есептелетінін айтады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу