Елімізде 19-22 шілде аралығында жүргізілген кешенді тестілеуге 84 490 талапкер қатысты.
Жыл сайын кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беру мекемелерінің, қазақ және орыс тілдерінен басқа тілде оқытатын жалпы білім беру мектептерінің, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, сондай-ақ, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде оқыған оқушылар кешенді тестілеу тапсырады.
Осы мақсатта еліміздің түрлі аймақтарында 42 кешенді тест тапсыру орны ашылды.
Сынақ оқу бағдарламасының 4 пәні бойынша: қазақ тілі (орыс тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні жүргізілді.
Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары - 100 балды 9 талапкер жинады, ал, шекті деңгей 50 балды тест тапсырғандардың жартысынан астамы еңсере алмады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.