Елордада жол салу мен оны пайдалану ерекшеліктері туралы «Шолу дөңгелегі» атты деректі фильм түсірілмек.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, туындыда Астана жолдарын пайдалану мәселесі көтеріліп, осы саладағы жетекші мамандар мен сарапшылардың түсіндірмелері ұсынылады.
«Астананың жазы қысқа әрі ыстық, ал, қысы ұзақ, суық болады. Ауа температурасының ауытқуы жол жабынының қызмет мерзіміне тікелей байланысты.
Фильмде бұдырлы шиналарды пайдалануға қатысты мәселелер айқындалып, әлемдік практикадағы оларды шешу жолдары, экология мен денсаулыққа әсері көрсетіледі», делінген баспсаөз мәлімдемесінде.