Қадір түні – жақсылыққа толы берекет түн. Қадір түні – Құран Кәрім түскен қасиетті түн. Бұл туралы: «Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік», деген аят бар.
Қадір түнінде мейлінше көп құлшылық жасап, дұға-тілек еткен абзал. Өйткені, Қадір түнінің берекеті мен құлшылық сауабы мың айдан да артық. Құран Кәрімде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», деп баяндалған.
Бұл түннің Қадір деп аталуының себебі, қадір – белгілеу, өлшеп бекіту деген мағынаны білдіреді.
Биыл Қадір түні 2014 жылдың шілде айының 23-нен 24-не қараған түніне сәйкес келеді.
muslim.kz