Бүгін — қасиетті Қадір түні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін — қасиетті Қадір түні

19.05.2020

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні. Бірақ, биыл оны әдеттегіден басқаша өткіземіз! Вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін қазір мешіттер кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейді. Дегенмен, құран хатымның дұғасын тікелей эфирде көріп, тыңдай аласыздар! Қазақстан Ұлттық телеарнасы бүгін кешкі сағат 10:20-дан бастап Әзірет Сұлтан мешітінен тікелей эфирде хабар таратады. Жамағат үшін мың айдан да қайырлы қадір түні туралы жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы шақырылған қонақтармен сұқбат жүргізіледі.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу