«HeadHunter Қазақстан» компаниясы hh.kz порталына жарияланған 2014 жылдың екінші тоқсанына қатысты елордадағы жұмыс іздеушілердің санағын шығарды. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.
Зерттеулерге сәйкес, Астананың жоғары менеджментіне қатысты ұсыныстың 98 пайызға артқаны анықталған. Екінші орында құрылыс және жылжымайтын мүлік саласы 93 пайызбен келеді.
Сондай-ақ, сұраныстағы мамандықтардың қатарында 84 пайызбен «Өнер, ойын-сауық, масс-медиа» бар. Ғылым-білім – 78 пайыз, туризм, қонақүй, мейрамханалар – 69 пайыз, кәсіп бастау – 67 пайыз және сатып алулар – 64 пайыз.
Ал кеңес беру және шикізат өңдеу саласына қатысты мамандықтарға сұраныс төмендеп кеткен.