Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 79 түлекке әкімнің гранты табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 79 түлекке әкімнің гранты табыс етілді

15.07.2014
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 79 түлекке әкімнің гранты табыс етілді

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 79 түлекке облыс әкімінің оқу грантын табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат  хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы оқу жылында 230 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бітірген (37-сі балалар үйлерінің түлектері).

Олардың 79-ы облыстағы жоғары оқу орындарына, 130-ы колледждерде оқуға ниет білдірсе, 16-сы еліміздің өзге өңірлерінде білім алуға ықылас танытып отыр. Ал, қалған 5 түлек жұмысқа орналастырылған.

«Жастардың жарқын болашаққа деген үмітін өшірмей, оларға қамқорлық танытқан облыстағы 11 жоғары оқу орындарының басшылары ата-ана жылуын сезінбеген балаларды тегін оқыту туралы шешім қабылдады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Салтанатты шараны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков түлектерге сәттілік тілеп, егемен еліміздің түрлі салаларында еңбек ететін білікті маман болып шығуларын аманаттады. 

Хабарламаларға жазылу