Аргентина президенті финалдық матчқа бармайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина президенті финалдық матчқа бармайтын болды

11.07.2014
Аргентина президенті финалдық матчқа бармайтын болды

Кристина Фернандес де Киршнер Бразилиядағы әлем чемпионатының 13 шілдеде өтетін ақтық сынына бармайтын болды.

Бұл туралы Аргентина президенті өзінің  бразилиялық әріптесі  Дилма Роуссеффке жазған хатында мәлім етті, делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысы Бразилия президентінің шақыруына алғыс айта келе, бір аптадан бері жұтқыншақтың қабынуынан ауырып жүргенін және толыққанды жұмыс істеуге қабілетсіз екенін атап өткен.

Сондай-ақ Кристина Фернандес де Киршнер өз хатында бұл дерттің БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) саммитіне қатысуына кедергі болмайтынын жеткізген, деп жазады ҚазАқпарат.

Алқалы жиын Бразилияның Форталеза қаласында 15-16 шілдеде өтеді.

Хабарламаларға жазылу