Колумбия футбол федерациясы (FCF) колумбиялық футболшы Хуан Суньиганың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатыр.
Естеріңізде болса, Колумбия мен Бразилия құрамалары арасында өткен жартылай финалдық матчта Колумбия құрамасының қорғаушысы Хуан Суньига Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймардың жарақат алуына тікелей себепкер болған.
Осы оқиғадан кейін колумбиялық футболшыға бразилиялық жанкүйерлер тарапынан қандай да бір қастандық жасалады деген қауіп пайда болды. Бұған себеп Суньиганың атына келіп түскен хаттар.
2:1 есебімен пентакампеондар пайдасына шешілген жартылай финалдық кездесудің 88-ші минутында Суньига допқа талас кезінде Неймармен соқтығысып қалған болатын. Ал, осы қақтығысқа байланысты төреші тек ауызша ескертумен шектелді. Ауруханаға жедел жеткізілген Неймардың омыртқасы сынғаны белгілі болды. Бұл жарақаттан айығуға Неймарға 4 аптадан сегіз аптаға дейін уақыт керектігі анықталды.
Бразилия футбол конфедерациясы колумбиялық футболшыны жазалауды талап еткенімен, FIFA тәртіптік комитеті колумбиялық футболшыны жазаламау жөнінде шешім қабылдаған.
fcf.com