Қазақстанда БАҚ саласында бірегей білім беру жобасы жүзеге асырылмақ.
Мультимедиялық стартап жобалар құру және оны кешенді дамыту бойынша қазақстандық журналистерді «The New York Times», «USA Today», «CNN», «The Huffington Post» және «Pro Publica» және америкалық алдыңғы қатарлы Джорджия штаты университетінің Грэди журналистика және бұқаралық коммуникация колледжі мен Миссури журналистика мектебінің профессорлары оқытатын болады.
«iMedia Project» жобасын Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстанның баспасөз клубы жүзеге асырмақ.
Алдымен ашық республикалық байқау қорытындысы бойынша қазылар 20 БАҚ қызметкерін таңдайды.
Олар келесі бағыттар бойынша 5 апта біліктілік курсынан өтетін болады:
БАҚ-қа арналған менеджмент және бизнес-стратегиялар (2014 жыл, қараша);
І Мультимедиялық журналистика (2015 жыл, қаңтар);
БАҚ дизайны (2015 жыл, наурыз);
ІІ Мультимедиялық журналистика (2015 жыл мамыр);
Медиа-брендинг және маркетинг (2015 жыл, маусым);
«iMedia Project» түлектерінің үздік мультимедиялық стартап жобалары үшін Сорос-Қазақстан қоры грант жариялайтын болады, сондай-ақ, олардың жұмыстарына қаржылай қолдау көрсетіледі.