Таразда пилоттық жоба жүзеге асырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда пилоттық жоба жүзеге асырылмақ

01.10.2019

Жамбыл облысынында қосалқы шаруашылықтарды дамыту пилоттық жобасы жүзеге асырылмақ. Үкімет отырысында мақұлданған жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, табысын арттыруға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында 68 мың адам жеке кәсіп игеріп, 131 мың отбасының табысы көтеріледі деген болжам бар. Оған 46,4 миллиард теңге бөлінбек. Қанатқақты жоба жайында осы өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебайдың репортажында.

Алмас Жәрдембаев Меркі ауданындағы Сұрат ауылының тұрғыны. Диқаншылыққа бейімі бар азамат алғашында ауласындағы жерге көкөніс егіп бастаған. Мол өнім алып, пайдасын көрген ол көршілерінің бос жатқан жерлерін игеріп, өздерін де жұмысқа тартты. 

Шаруаның ала жаздай еткен еңбегі еш кетпей өзінің пайдасын берген. Ол алақандай осы бақшадан он тоннаға дейін өнім алып, отбасының жылдық табысын 1 миллион теңгеге арттырған. Қазір мамандар бұл тәжірибені зерттеп-зерделеп, көпшілікке қолжетімді болуға күш салып жатыр. 

Шаруаның бастамасы ауылдан қосалқы шаруашылық құруға сұранын тұр. Өйткені жұмыссыз жүрген азаматтар диқанның айналасына топтаса бастаған. Оның үстіне жаңа жобаны жүзеге асыруға тау бөктеріндегі Сұрат ауылы пилоттық елді мекен ретінде таңдалды.

Алмас Жәрдембаев, Сұрат ауылының тұрғыны:

Айтылып жатыр бізге пилоттық жоба келді деп, ұрығын алып береміз, су әкеліп береміз, сіздер тек жұмыс істеңіздер деп, бұл өте жақсы бастама, ауыл тұрғындарының көбі қолдап отыр, ендігі жылы біз алла қаласа біз осындай жұмыс істеуге құлшынып отырмыз. Мен өзім ендігі жылы тамшылытын суғару әдісіне көшсем деп отырмын.

Жаңа жоба бірнеше бағыттан тұрады. Онда үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану мен ауладағы шаруашылықтарды дамыту. Сондай-ақ, ауыл сыртындағы пайлық үлес жерлерін игеру мен жем-шөп, жайылым мәселесін түбегейлі шешу де бар. Ал, қосалқы шаруашылыққа кедергі келтіретін мәселелерді кооперативтер арқылы шешу де жобаның жұмысына кіреді.

Мейірхан Өмірбеков, Меркі ауданының әкімі:

Егер де сен жерді дұрыс пайдалансаң, жақсы тұқым, жақсы тыңайтқыш қолдансаң, ол жерден қаншалықты табыс табуға болады. ал енді қазіргі мүше болып отырған, шаруашгылық саған қаншалықты пай үлесін беріп жатыр. екеуінің ортасында қанша айырмашылық бар соған елдің көзін жеткізуіміз керек. егер осы жұмысты қолға алып дұрыс жолға қоятын борлсақ біріншіден халықтың әл ауқаты жақсарады. екіншіден бұл бала тәрбиесіне көп үлес қосады деп білеміз.

Енді қосалқы шаруашыққа біріккен тұрғындар жоба аясында 2,5 пайызбен несие ала алады. Қазір пилоттық ауылдарға 7,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Жоба сәтті жүзеге асса өңірдегі ауыл шаруашылығының жылдық өнімі 34 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу