ФИФА футболдан Әлем чемпионатының екінші жартылай финалындағы Нидерланд пен Аргентина матчына арбитрлар бригадасын тағайындады. Сан-Паулу қаласында өтетін ойынға түрік Жүнейт Чакыр төрелік етеді.
37 жастағы рефери бұл мундиальда Бразилия – Мексика және Алжир – Ресей матчтарында қызмет атқарды.
Айта кетейік, Нидерланд – Аргентина матчты 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Астана уақытымен 02:00 басталады. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.