Нидерланд – Қазақстан матчына словениялық төрешілер қазылық етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд – Қазақстан матчына словениялық төрешілер қазылық етеді

07.10.2014
Нидерланд – Қазақстан матчына словениялық төрешілер қазылық етеді

Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланд – Қазақстан матчына төрелік словениялық арбитрларға тапсырылды.

Бас төреші болып 34 жастағы Матей Юг тағайындалды. Оның көмекшілері -  Матей Жунич пен Боян Ул. Төртінші арбитр — Андраж Ковачич.

Реферидің қосымша көмекшілері - Митя Жганец пен Деян Балажич.

Еске сала кетейік, Нидерланд пен Қазақстан матчы Амстердамда өтеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» теларнасы «Амстердам Арена» стадионынан тікелей эфирде хабар таратады.  Басталуы - 10 қазаннан 11 қазанға қараған түні Астана уақытымен 00:35-те.

Хабарламаларға жазылу