Халыққа қызмет көрсету орталығының Алматы қаласы бойынша филиал бөлімдерінің ұжымы да мереке құрметіне шахматтан турнир өткізді.
Турнирдің барлық қатысушыларын Қазақстан Жазушылары кітапханасы ұжымы, ХҚКО филиалы басшылығы, халықаралық «Жанашыр» қоры, Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы ұжымы өкілдері Астана күні мерекесімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа филиал бөлімдерінен 12 ойыншы қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, Түрксіб аудандық ХҚКО қызметкері Тимур Ермекұлы Арынов жүлделі бірінші орынды иеленсе, екінші орынды «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінің басшысы Ерлан Ералыұлы Шүренов алды.
Ал үшінші орынды Әуезов аудандық ХҚКО басшысы Оразхан Нұртайұлы Өксікбаев иемденді. Ынталандыру сыйлығына Алатау аудандық ХҚКО қызметкері Нұрлан Нұрғали ие болды.
ХҚКО қызметкерлері бұл жеңістерін Астана күніне арнады.
Турнирге қатысушы барлық ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.