Астанада мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы талқыланады

03.07.2014
Астанада мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы талқыланады

 

 

4 шілдеде Астанда «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына талдау» атты дөңгелек үстел өтеді.

Шара барысында  Қазақстанда инклюзивті қоғам құру аясында мүмкіндігі шектеулі  балалардың жағдайына жасалған талдау ұсынылмақ. Сондай-ақ,  мүмкіндігі шектеулі  адамдардың құқықтары және олардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарды іске асыру аясында  жаңа әзірлемелер айтылады.

Жиынға ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының  басшысы, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) өкілі, ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы Франциска Гассманн, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің және ҚР Статистика агенттігінің өкілдері қатысады деп күтілуде. 

Хабарламаларға жазылу