Футболдан Әлем чемпионатының 1/8 айналымындағы соңғы ойында Бельгия құрамасы АҚШ футболшыларынан овертаймда 2:1 есебімен басым түсті.
Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Кевин Де Брюйне есеп ашса, Ромео Лукаку есепті еселей түсті. АҚШ құрамасы Джулиан Гриннің көмегімен есеп айырмасын қысқарта алды.
1/4 финалда Бельгия футболшылары Аргентина құрамасымен кездеседі. Бұл ойын 5 шілде күні Бразилиада өтеді.
Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.
1/8 финал.
Бельгия – АҚШ – 2:1. (0:0, 0:0,2:0).
Голдар: Де Брюйне, 93 (1:0). Лукаку, 105 (2:0). Дж.Грин, 107 (2:1).
Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, Компани, Ван Бюйтен, Вертонген, Мертенс (Миральяс, 60), Витсель, Феллаини, Де Брюйне, Азар (Шадли, 111), Ориги (Лукаку, 91).
АҚШ: Ховард, Джонсон (Йедлин, 32), Гонсалес, Беслер, Кэмерон, Бисли, Бедоя (Грин, 105+2), Джоунс, Брэдли, Зуси (Вондоловски, 72), Демпси.
Ескерту алғандар: Кэмерон, 18. Компани, 42.
Төрешілер: Хаймуди (Алжир), Ашик (Марокко), Этшиали (Алжир).
1 шілде. Салвадор. «Фонте Нова» стадионы.