Мұхит Тұрсынов ең жас палуан Мейрамбек Жаңабайды жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхит Тұрсынов ең жас палуан Мейрамбек Жаңабайды жеңді

29.06.2014
Мұхит Тұрсынов ең жас палуан Мейрамбек Жаңабайды жеңді
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ширек финалының соңғы жұбы - Шығыс Қазақстан облысының «Жалыны» Мұхит Тұрсынов пен Маңғыстау облысының «Жас қыраны» Мейрамбек Жаңабай.
 
Мұхит Тұрсынов бұған дейін «Қазақстан барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен Бекболат Салықовты жеңген еді.
 
Ал «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ең жас палуаны  Мейрамбек Жаңабай Нұрсұлтан Иманғазин мен Дәурен Еслямовтан басым түсті.
 
Сонымен, кездесуде Мұхит Тұрсынов Мейрамбек Жаңабайды ұтып, жартылай финалға өтті. Оның ендігі қарсыласы - Руслан Әбдіразақов.
 
Еске сала кетейік,  «Қазақстан Барысы-2014» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу