«Қазақстан Барысы-2014» жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы-2014» жеңімпазы анықталды

30.06.2014
«Қазақстан Барысы-2014»  жеңімпазы анықталды

«Қазақстан Барысы-2014» республикалық турнирінде шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды. Барлығы 28 палуан өзара бақ сынасты.

Биылғы турнирдің бір ерекшелігі - жаурындары жерге тимей келген Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Шалқар Жоламанов секілді кіл мықтылар жарыстың ақтық мәресіне жете алмады.

Ал, ақтық сында шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов пен қарағандылық Асыл Бәрменов  белдесіп, Мұхит Тұрсынов алтын белбеумен бірге «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алды.

Ал, күміс белбеу Асыл Бәрменовке бұйырса, қола жүлде «Сыр барысы» Руслан Әбдіразақовтың қанжығасында кетті.

Айта кетейік, осы Русланмен қола жүлде үшін күрескен Даулетхан Жақыпов өзінің жастығына қарамастан тамаша өнер көрсетіп, жеңіске деген жігерінің арқасында көрермен көзайымына арналған «темір тұлпарды» тақымына басты.

Хабарламаларға жазылу