Қарағандыдан 26 шақырым жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдан 26 шақырым жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды

21.06.2014
Қарағандыдан 26 шақырым жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Қазақстанның орталығында магнитудасы 4,8 балды құраған жер сілкінісі болды деп хабарлады emsc-csem.org еуропалық-жерортатеңізі сейсмикалық орталығы.
 
Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да Астанадан  оңтүстік-шығысқа қарай 206 шақырым,   Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 26 шақырым жерде жерасты дүмпуі тіркелді.
Қарағанды тұрғындарының айтуынша, қалада дүмпу сезілген. Әрі, Астананың тұрғындары әлеуметтік жілелерде жер сілкінісінің дүмпуін сезгенін айтуда.
 
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің деректері бойынша, қазіргі сәтте нысандардың қираған, бүлінгені туралы мәлімет түскен жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.
 

Хабарламаларға жазылу