Медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады

14.06.2014
Медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады
Қазақстанның медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекова Астанада медицина қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты шарада мәлiм еттi.
 
«Бiр тәулiкте біздің әрiптестер бiр мыңға тарта ананы босандырып алады. 2 мыңнан астам ота жасалады. Жедел медициналық көмек көрсету қызметi тәулiгiне 18 мың мәрте шақыртуларға барады»,-деді министр.
 
Медицина қызметкерлерiнiң жоғары кәсiбилiгi - медициналық қызметтердiң сапасына тiкелей әсер етедi. Министрдiң атап өткенiндей, жас мамандарға үлкен үмiт артылуда. 

 

 

Хабарламаларға жазылу