Астанада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

10.10.2014
Астанада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

Астанада 13 қазанда «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы баспана беруге құжаттарды қабылдау басталады. Қала тұрғындары құжаттарын 25 қазанға дейін тапсыра алады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды. Құжаттарды қабылдау «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) жүргізіледі.

Бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған мемлекеттiк қызметкерлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын адамдар (ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері; 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көпбалалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар) қатыса алады.

Хабарламаларға жазылу