Алматы қаласының әкімі «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының әкімі «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті

12.06.2014
Алматы қаласының әкімі «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Алтын белгі» иегері атанған алматылық түлектермен кездесті.
 
№178 мектеп-лицейінің түлегі Айғаным Әбдіжаппар және №159 гимназия түлегі Әсия Марат ҰБТ-да ең жоғарғы көрсеткіш - 125 балл жинады. 
 
Ахметжан Есімов түлектерді құттықтап, сәттілік тіледі.
 
«Оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Соңғы уақытта білім саласын қаржыландыру екі есеге артты. 2008 жылы бұл салаға 22,2 миллиард теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 46,9 миллиард теңге бөлінді. Осы жылдар аралығында 14 жаңа мектеп салынды. Олардың барлығы соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған. Қала бойынша 1000 ұстазға арнайы сыйақы бөлінеді», деді Ахметжан Есімов.
 
Биылғы жылы ҰБТ бойынша Алматыда орташа балл 93,4-ті құрады. Өткен жылғы көрсеткіш - 87,25. 
 
ҰБТ көрсеткіштері бойынша қала осымен үшінші жыл қатарынан алда келеді.  
 
 

 

Хабарламаларға жазылу