Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло Бразилиядағы 2014 жылғы Әлем чемпионатында жұмыс істейтін барлық жаттықтырушылардың арасында жалақысы ең жоғары бапкер,-деп хабарлады The Daily Mail.
Капеллоның Ресей құрамасындағы жалақысы жылына 6,7 миллион фунт стерлингті құрайды. Бұл тізімдегі екінші орын Англия құрамасының бас жаттықтырушысы Рой Ходжсонға тиесілі - 3,5 млн. фунт. Ең жоғары жалақы төленетін жаттықтырушылардың үштігін Италия құрамасының бапкері Чезаре Пранделли тұйықтап тұр - 2,575 миллион.