Әлемдегі ең қымбат десерт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қымбат десерт

27.12.2015
Әлемдегі ең қымбат десерт

Көп жылдар бойы «Golden Opulence»-те «Serendipity 3» дайындаған шәрбәт қосылған пломбир  Нью-Йорктегі ең қымбат десерт саналған. Оның құны 1000 АҚШ доллар болды. Енді «Serendipity 3» иесі Стефен Брюс әлемдегі ең қымбат десертпен (25 000 АҚШ доллары) Гиннестің Рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.

Жаңа десерт әлемнің әр түкпірінен жиналған какаоның 28 түрінен жасалған. Десеттің құрамы мен түрлі какаоның мөлшері құпия. Какао 23 каратты жеуге жарамды 5 грамдық алтынға араластырылған. Сосын десертті жеуге болатын алтын жалатылған кесеге салынған.

Үстінде кремі бар десерттің 500 грамының құны – 2600 доллар. Ол сый ретінде берілген 18 каратты алтын браслетпен қатар ұсынылады.

Десертке арналған кесенің төменгі бөлігі бриллианттардан тұрады. Сондай-ақ, мұны жеуге ақ және шоколад түстес алмазбен апталған алтын қасық беріледі.

Хабарламаларға жазылу