Астанада жүргізілген рейд барысында жол ережесін бұзған 120 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Бұл туралы аstana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.
Полиция қызметкерлері Республика дыңғылындағы «Апрель» дүкенінің аумағында рейд барысында бір сағаттың ішінде тәртіп бұзған 10 адамды ұстаған. Азаматтардың өздері дүкенге немесе аялдамаға бару үшін жолды кесіп өту оңай екенін, жаяу жүргіншілер өткелінің тым алыс екенін айтып ақталған.
Жыл басынан бері Астанада жаяу жүргіншілер кінәсінен 46 жол-көлік оқиғасы орын алған.
|