Семей полигоны туралы фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей полигоны туралы фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды

09.06.2014
Семей полигоны туралы фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды
Сочиде өткен Ресейдің  XXV ашық «Кинотавр» фестивалінің бас жүлдесін режиссер Александр Коттың дыбыссыз «Сынақ» фильмі иемденді.
 
«Сынақ»  фильмі 1949 жылғы Семей полигонындағы ядролық сынақ кезеңіндегі махаббат тарихын баяндайды.
 
Коттың айтуынша, дыбыссыз кино түсіру оның арманы болған. «Кино - бейнелеу екеніне сенімдімін, өйткені, оны мылқау адам ойлап тапқан. Дыбыссыз фильм қай кезде де ішкі жан-дүниемді рахатқа бөлейді», - дейді ол.
 
Айта кетейік, өткен жылы фестивальдің бас жүлдесі  Алексей Ивановтың романымен аттас Александр Велединскийдің «Географ глобус пропил» атты фильміне бұйырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу