Мүгедектердің көлігіне арналған орынға автокөлігін қойғандарға айыппұл - 90 мың теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектердің көлігіне арналған орынға автокөлігін қойғандарға айыппұл - 90 мың теңге

05.06.2014
Мүгедектердің көлігіне арналған орынға автокөлігін қойғандарға айыппұл - 90 мың теңге
Астанада мүгедектердің көлігіне арналған орынға автокөлігін қойғандарға айыппұл салынады.
 
Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңға енгізілген өзгерістерге сай, айыппұл салу 2014 жылдың 30 сәуірінде күшіне енді.
 
Ол бойынша бірінші рет ереже бұзғандарға 50 айлық есептік көрсеткіш (92 600 теңге) көлемінде, ал, ереже бұзу бір жылдың ішінде екінші рет қайталанса, 70 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
 

Хабарламаларға жазылу