ҰБТ-2014: Алматылық түлек апелляция арқылы 125 балға қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-2014: Алматылық түлек апелляция арқылы 125 балға қол жеткізді

05.06.2014
ҰБТ-2014: Алматылық түлек апелляция арқылы 125 балға қол жеткізді
Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары балға қол жеткізген тағы бір түлек анықталды. Ол бұл нәтижеге апелляциялық шағым беру арқылы қол жеткізген, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
 
№159 гимназияның оқушысы Әсия Марат бірінші лекте ҰБТ тапсырған. Дайындық кезеңдерінде 115-тен төмен алып көрмеген оқушы қатарластарынан 5 рет жоғары көрсеткіш көрсеткен.
 
Дәл ҰБТ күні 4 сағаттық тесттен соң Әсия жоғары балл алатынына сенімді болған еді. Алайда, қорытынды бойынша бір балл жетпей қалды деген хабарды естиді.
 
«ҰБТ нәтижесі шыққанда қазақ тілі пәні бойынша бір сұрақтың жауабы  дұрыс емес екенін көрдім. Алайда ол сұрақта екі дұрыс жауап болған еді. Мен сол дұрыс жауаптардың бірін белгілегенмін. Кейін апелляциялық орталыққа бардым»,-дейді түлек.
 
Осыдан кейін оның жауабы дұрыс екені дәлелденіп, бір балды қайта қосып берген.  Осылайша, ол Алматыдан 125 балл алған екінші түлек болып отыр.
 
Бұдан бұрын Алматы қаласындағы №178 мектеп- лицейінің түлегі Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы 125 балға қол жеткізгенін хабарлағанбыз.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу