Астана қаласына Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласына Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етілмек

05.06.2014
Астана қаласына Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етілмек
23-24 сәуірде Париж қаласындағы  Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқарушы комитетінің отырысында қазақстандық делегация ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – «EXPO-2017»  Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев басшылығымен «EXPO-2017» Тіркеу құжаттамасы сәтті қорғалған болатын.
 
Енді, үстіміздегі жылдың 11 маусымында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған делегация Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 115-і сессиясына қатысады.
 
Салтанатты шарада Қазақстанға Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етіліп,  «EXPO-2017»  көрмесінің ресми мойындалу рәсімі болады. 
 
ХКБ туын алғаннан кейін халықаралық қатысушыларды тарту және «EXPO-2017»  көрмесін таяу және қиыр шетелдерде насихаттау бойынша белсенді жұмыс басталмақ.
 
Айта кетейік, «EXPO-2017»  көрмесі «Болашақ энергиясы» ұранымен  2017 жылдың 10 маусымынан қыркүйек айының 10 жұлдызына дейін Астана қаласында өтеді.
 

Хабарламаларға жазылу