Нан және ұн бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан және ұн бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды

05.06.2014
Нан және ұн бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды
Республика өңірлеріне тоннасы 28 300 теңгені құрайтын барлығы 156 мың тонна арзандатылған астық жөнелтілді.  Мақсаты – нан және ұн бағасын тұрақтандыру.  Ал, коммерциялық ресурстан 17 000 тонна астық бөлінді. Бұл туралы  «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
 
Аталған бағдарламаға қатысу үшін ұн тартатын ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Бұл ретте Азық-түлік келісімшарт корпорациясының коммерциялық астық ресурстарынан бидай сатып алған ұн тартатын ұйымдар үшін белгіленген және коммерциялық бағаның арасындағы айырманы республикалық бюджеттен өтеу қарастырылады.

Хабарламаларға жазылу