Алматыда әдеби жыл қорытындысы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әдеби жыл қорытындысы жасалды

02.06.2014
Алматыда әдеби жыл қорытындысы жасалды
Бүгін Алматыда Жазушылар одағында «2012-2013 жылдардың әдеби жыл қорытындысы» атты жиын өтті. Оған 200-ге жуық ақын-жазушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Жиынға қатысушылар арасында Жазушылар одағының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин және қазақ әдебиетінің ақсақалдары ақын Тұрсынзада Есімжанов, Оразақын Асқар және Зәкір Асабаев, Үмбетбай Уайдин секілді танымал сықақшылар  бар.
 
«Биылғы жиынның бір ерекшелегі мұнда тек мақтаулар ғана емес, орынды сындар да айтылды. Жалпы, 12 әдеби бағыт бойынша баяндама жасалды. Олар: сын, сатира, поэзия, проза, деректі проза, аударма, ұйғыр әдебиеті, драматургия, балалар әдебиеті және поэзиясы, фантастика, орыс әдебиеті және жастар әдебиеті», - деді өз сөзінде Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, белгілі балалар жазушысы Сәбит Дүйсенбиев.
 
Баяндамалардың ішінде ақын Қасымхан Бегмановтың бүгінгі қазақ поэзиясына қатысты жасаған баяндамасы өзінің сындарлығымен ерекшеленді. 2012-2013 жылдары еліміздің түрлі баспаларынан 40-қа жуық жыр кітабы шыққан екен.
 
Солардың ішінде «Дәстүр» және «Тұран» баспалары «Дала дарыны» жобасымен Қазақстан бойынша жас ақындардың жырларынан құрастырылған 15 жинақтың тұсауын кескен.
 

Хабарламаларға жазылу