Испания королі тақтан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания королі тақтан бас тартты

02.06.2014
Испания королі тақтан бас тартты
Испания премьер-министрі Мариано Рахой кароль Хуан Карлос тағынан бас тартқанын мәлімдеді. Енді оның орнына ұлы – ханзада Филипп отырмақ.
                                
Айта кетейік, Хуан Карлос I де Бурбон 1975 жылдан бері испан монахы болды.
 
Испания конституциясы бойынша король - елдің басшысы және қолбасшысы. Ал негізгі билікпен елде парламент пен үкімет қана айналысады.
 
Биліктен бас тартуының нақты себептерін король арнайы үндеуінде жарияламақ.
 

Хабарламаларға жазылу