Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде

02.06.2014
Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде
Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде.
 
Сайысқа қазақстандықтармен қатар, Гонконг, Жапония, Сирия, Өзбекстан, Корея, Сингапур, Моңғолия, Филиппин, Иран, Малайзия, Тайпей, Қытай және Таиландтың триатлоншылары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Шараны  Азия триатлон федерациясы, Дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі агенттік, Ақмола облысы әкімдігі, Бурабай ауданы әкімдігі, ҚР Триатлон федерациясы және болашақ олимпиадашыларды дайындайтын жасөспірімдер мен балалардың облыстық спорт мектебі ұйымдастырып отыр.
 
Сайыс ережесі бойынша қатысушылар алдымен 750 метр суда жүзіп, 20 шақырым велосипедпен жарысады және 5 шақырым жаяу жүгіреді.
 
Бүгін командалық есеп бойынша жарыстың қорытынды кезеңі ұйымдастырылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді, деп жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу