Алматыда 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді

01.06.2014
Алматыда 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
 Шара  мақсаты - балаларға ерекше қуаныш сыйлау.
 
«Бүгін  7-12 жас аралығындағы балалар ешбір қорықпастан әуе шарымен көкке көтерілді. Тіпті 5 жастағы балалар да ұшуға ниет білдірді. Оларға да рұқсат бердік. Бұл балаларға ерекше әсер сыйлады. Одан басқа, біз саябақта 4 жасқа дейінгі балаларға арнап, алып батут орнаттық», - дейді  шараны ұйымдастырушы  «Қазпошта» АҚ баспасөз хатшысы Людмила Шустова.
 

Хабарламаларға жазылу