Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Астана қаласында «Жас шуақ» жазғы лагері ашылды. Жазғы лагерьде жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 100 бала демалады.
100 балаға арналған демалыс «Замандас 21» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жас шуақ» жобасы аясында өтеді. Бұл игі іс «Ақниет» жеке қорының демеушілік көмегінің арқасында жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, 10 күндік Щучинск-Бурабай демалыс аймағында орналасқан «Континент» балаларды сауықтыру орталығына арналған жолдамалар 20 балаға салтанатты түрде берілді.
«Ақниет» жеке қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева құттықтау сөзінде: «Балаларға қамқорлық - бұл бәріміздің үлкен жауапкершілігіміз, сондықтан, оларға жан-жақты жағдай жасауға әрқайсымыз үлесі қосуымыз қажет» - деп атап өтті.
ҚазАқпарат.
|