Велоспорттан Қарағандыда өтіп жатқан Азия чемпионатынын төртінші күні велошабандоздар 172, 7 шақырымдық жарысқа түсті. Мәре сызығын бірінші кескен Вадим Галеев алтын жүлде алса, екінші болып Олег Земляков келді. Мәреге үшінші болып келген Мақсат Аязбаев қола жүлденің иесі атанды.
Естеріңізде болса, кеше, 30-мамыр күні, 125 шақырымда жасөспірімдер арасында төрт өреніміз жарыс жолын сенімді жүріп өтіп, тұғырдың барлық сатысынан көрінді. Григорий Штейн («алтын»), Евгений Гидич («күміс»), Алексей Волошин («қола»).
Ертең, 1-маусым күні Азия чемпионатының бесінші күні велошабандоздар 210 шаықырмдық жарыс жолына шығады. «KAZsport» телеарнасы жарысты тікелей эфирде назарларыңызға ұсынады.