Екатерина Айдова Әлем чемпионатында сегізінші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екатерина Айдова Әлем чемпионатында сегізінші орында

19.01.2014
Екатерина Айдова Әлем чемпионатында сегізінші орында
Жапонияның Нагано қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс бойынша Әлем чемпионатында қазақстандық Екатерина Айдова сегізінші орынды иеленді. Жарыстың екінші күні Айдова 500 метрлікке конькимен жүгіруден 9-шы нәтижені көрсетті. Ал 1000 метрлік қашықтықта мәре сызығын сегізінші болып кесті.
 
Жалпы есепте бірінші орынды қытайлық Ю Цзин жеңіп алды. Екінші орын оның отандасы Чжан Хунға бұйырды. Ал үштікті АҚШ спортшысы Хизер Ричардсон қорытындылады.

Хабарламаларға жазылу