«Бақыланбайтын жерде суға түседі. Ішімдік ішіп суға түсетіндер бар. Былтыр 300-деп астам балаға суға түсуді үйретілген. Биыл олардың санын көбейтеміз деген ойдамыз», - дейді Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ибрагим Күлшімбаев.
Елордада жағажайда демалу қауіпсіздігін бақылаумен ТЖД суда құтқару қызметі айналысады. Биылдың өзінде сүңгуірлер 2 баланы апаттан құтқарып қалған. Қала бойынша шомылу маусымы 1 маусымнан басталады. Алайда, мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуға кеңес береді.
|