Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 күнде 4 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 күнде 4 адам суға кетті

07.08.2017

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған брифингте айтылды. Ал, жыл басынан бері өңірде 22 адам суға кеткен.

Шомылу маусымы басталғалы облыста 845 рейдтік шара өткізіліп, суға түсу ережелерін сақтамағаны үшін 159 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, кейінгі бес күнде ғана 4 қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Тамыздың 3-і күні сағат 13:30-да Тайынша ауданындағы Чермешнянка ауылындағы су қоймасынан 1953 жылғы азаматтың мәйіті табылды. Қазір сот-сараптамалық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар,  Есіл өзенінің жағасында көліктердің суға бату деректері де тіркелген. 

Хабарламаларға жазылу