Жоғалып кеткен малайзиялық «Boeing 777-200» ұшағының жанармайы таусылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалып кеткен малайзиялық «Boeing 777-200» ұшағының жанармайы таусылып қалған

29.05.2014
Жоғалып кеткен малайзиялық «Boeing 777-200» ұшағының жанармайы таусылып қалған
 
Малайзия авиажелісінің «Boeing 777-200» лайнерінің жанармайы таусылып қалған сыңайлы. Бұдан кейін ол Үнді мұхитына құлаған. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы Австралия көлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандары мәлім етті.
 
Олардың пайымдары спутниктік ақпаратты талдауға негізделген. Бірнеше күн бұрын ол Малайзиябилігінің баяндамасында жарияланды.
 
Мәліметтерге сәйкес ұшақтан дыбыстық дабылдар ол жоғалып кетер алдында іркіліспен келіп тұрған. Бұдан әрі әуе кемесімен байланыс мүлдем жоғалған.
 
Бұл ұшақтың электрондық жүйесіне жанармай жетіспеуі себебінен дабыл үзіліп қалған деген болжам жасауға мүмкіндік береді, деп санайды сарапшылар.
 
Сонымен бірге, олар ұшақты іздеу аймағы бұл аудандағы бірден бір М641 авиациялық бағытымен тоғысады деген пікірде. Бұл бағыт австралиялық Перт портынан Кокос аралдарына дейінгі жолбағытты көрсетеді. Лайнер осы жолбағытпен автопилот арқылы қозғалған, деп атап өтеді мамандар.
 
Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпурдан Бейжіңге  бағыт алған «Boeing 777-200» лайнері 8 наурызда түнде радардан жоғалып кеткен. Ұшақтың және оның жолаушыларының тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Оның бортында экипаж мүшелерін қосқанда 239 адам болған.
 

Хабарламаларға жазылу