Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 жолаушыларының тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 жолаушыларының тізімі жарияланды

18.07.2014
Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 жолаушыларының тізімі жарияланды

Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 жолаушыларының тізімі жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Украинаның шығысында құлаған лайнердің бортында 143 Нидерланды азаматы, 27 австралиялық, 22 малайзиялық, 12 индонезиялық, алты британдық, төрт-төрттен ГФР мен Франция азаматтары, үш бельгиялық және канадалық болған. Бұл мәліметтерді қолдарына жолаушылардың алдын ала тізімі түскен Star газеті келтірген.

Malaysia Airlines ұшағының тағы 58 жолаушының ұлты кім екені айтылмаған. Кейбір мәліметтер бойынша, олардың арасында 23 америкалық болған. Бұдан басқа, бортта экипаждың 15 мүшесі болған. Олардың азаматтығы да белгісіз.

Қолдағы мәліметтерге қарағанда апат салдарынан борттағы барлық 295 адам (280 жолаушы және экипаждың 15 мүшесі) түгел қазаға ұшыраған.

Украин армиясы мен Донецкде Украин қарулы күштерімен соғысып жатқан топтар лайнердің құлауына қатысын жоққа шығарды.

Хабарламаларға жазылу