Оралдағы қирау қаупі төнген төртқабатты үй бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы қирау қаупі төнген төртқабатты үй бақылауға алынды

25.05.2014
Оралдағы қирау қаупі төнген төртқабатты үй бақылауға алынды
Оралдағы Жуков көшесіндегі төрт қабатты үйге қирау қаупі төніп, 1961 жылы салынған ғимараттың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 
 
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, бірінші қабаттағы плита жабыны құлап, екінші және үшінші қабаттарға қауіп төнген. Соған байланысты бекіту жұмыстары жүргізілді.
 
Қазір Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің жетекшілігімен жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Арнайы комиссия барлығын тексергеннен кейін тиісті шешім қабылдайтын болады.
 
Аталмыш үй тұрғындарының сөзіне қарағанда, ғимаратта дүкендер көптеп орналасқан. Соған байланысты қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Хабарламаларға жазылу