Қазақстанда мамыр айында азық-түліктің кейбір түрі арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мамыр айында азық-түліктің кейбір түрі арзандады

24.05.2014
Қазақстанда мамыр айында азық-түліктің кейбір түрі арзандады
Қазақстанда азық-түліктің кейбір түрлері арзандаған. Мамырдың 13-20 аралығында бағаларға мониторинг жүргізген «Қазагромаркетинг» АҚ осындай дерек ұсынды.
 
Атап айтқанда, қарақұмық жармасы 15%-ға, яғни келісіне 144 теңгеден 123 теңгеге дейін арзандаған. Өскеменде ұнтақ жарма бағасы 20%-ға, келісіне 138 теңгеден 110 теңгеге дейін түскен. Бұған фермерлік сауда орнында арзан өнімнің қайта сатыла бастауы себеп болған.
 
Үрмебұршақ Астанада 13%-ға, Павлодарда макарондар 17%-ға, Ақтөбе мен Атырауда тауық жұмыртқасы сәйкесінше 23% (10 данасы 155-тен 120 теңгеге дейін) және 17% (10 данасы 190-нан 158 теңгеге дейін) арзандады.
 
Азық- түліктің кейбір түрлері осылайша едәуір арзандағанымен, жеміс-жидек пен көкөніс түрлері қымбаттаған. Жүзімнің құны 10%-ға өскен. Мұның себебі сатылымдағы жемістің азаюы мен көтерме бағалардың 10%-ға көтерілуінде дейді дереккөзі. Астанада сәбіз 12%-ға, қызылша 18%-ға қымбаттаған.
 
Сондай-ақ, Өскеменде майшабақ 11%-ға қымбаттады. Себебі сатылымда қымбат алюторлық майшабақтың үлесі көбірек көрінеді.
 
 

Хабарламаларға жазылу