Жоғалған малайзиялық ұшақтың бағыты өзгергені радарға жазылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған малайзиялық ұшақтың бағыты өзгергені радарға жазылған

24.05.2014
Жоғалған малайзиялық ұшақтың бағыты өзгергені радарға жазылған
Жоғалып кеткен малайзиялық лайнер радар экранынан көрінбей қалған сәтте бағытын өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.  
 
Радарлар малайзиялық ұшақтың бағыты өзгергенін жазып алған. Әуе рейстерінің бағытын бақылап отыратын  Flightradar24.com сайты жоғалған ұшақ соңғы минуттарда 200 метр төменге түсіп, бағытын 40 градусқа өзгерткенін жариялған.
 
Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған «China Southern Airlines» компаниясымен біріккен рейстің әуе кемесінде 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болғаны хабарланды. Ол 8 наурыз күні Малайзия уақытымен 02.40-та корольдіктің шығыс жағалауынан 220 шақырым аумақта радардан көрініп, осыдан кейін жоғалып кеткен. Бұл уақытта ауданда ауа райы қалыпты болған және әуе кемесі толықтай тексерістен өткен.
 
MAS бортта Қытай мен Тайваньнан 154 азамат, 38 малайзиялық, 7 индонезиялық, 6 австралиялық, 5 үндістандық, 4 франциялық, 3 америкалық, 2 жаңазеландиялық, 1 украин азаматы, 1 канадалық азамат, сондай-ақ, Ресей, Италия, Нидерланд, Австрияның бір-бір азаматтары бар деп хабарлаған. 
 
Алайда, олардың төртеуі ұрланған құжатпен мінді деген күдік те бар.

Хабарламаларға жазылу