Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікмәселелері және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» екінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Конференцияны Қазақстан софтверлік компаниялар қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Шарада талқыланып жатқан негізгі мәселелер - ұйым, қоғам және мемлекет киберқауiпсiздiгінің жалпы проблемалары, мемлекеттiк қызметтер, бизнес және жеке өмiр саласындағы киберқауiпсiздiк тәуекелдерi.
Сонымен қатар, е-gov, ашық кiлттер инфрақұрылымының және электрондық құжат айналымының киберқауiпсiздiгі, киберқауiпсiздік саласындағы практикалық шешiмдер, технологиялар мен зерттеулер және саладағы кадрларды даярлау мен халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мәселелері қаралуда.