Питер Куиллин Геннадий Головкинді келесі қарсыластарының тізімінде атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Питер Куиллин Геннадий Головкинді келесі қарсыластарының тізімінде атап өтті

20.05.2014
Питер Куиллин Геннадий Головкинді келесі қарсыластарының тізімінде атап өтті
Кәсіпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Питер Куиллинчемпиондық атағын қорғағаннан кейін, келесі жекпе-жекте жұдырықтасқысы келетін боксшылардың есімдерін атады.
 
Америкалық боксшы Вашингтонда чех  Лукаш Конечнымен кездесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіпқой бокстағы – 31-ші жеңісі болды.
 
Жекпе-жектен кейін берген сұхбатында Куилин Серхио Мартинес пен Мигель Котто, сонымен қатар Геннадий Головкин пен Хулио Сезар кіші Чавес жұптарының жеңімпаздарымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
 
Соңғы жұптың келіссөздері ұзаққа созылып кетті. 19 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің келіссөздерінің тұрып қалуына мексикалық боксшының Top Rank компаниясынан кетуі себеп болуы мүмкін.
 
Дегенмен, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинннің бас бапкері Абель Санчес бұл жекпе-жек ұйымдастырылмаған жағдайда, екінші жоспары бар екенін мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу