Вашингтонда өтетін бокс кешінің қатысушылары - WBA тұжырымы бойынша суперчемпион, 30 жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов (14-1, 9 КО) пен IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс (54-6-2, 32 КО) баспасөз мәслихатын өткізді.
«Ол жеңіс үшін бар күшін салуға дайын. Бұл сөзін салмақты түрде айтып отыр деп ойлаймын. Бірақ, ол үйіне қайтқысы келеді. Бокс – сен үшін хобби. Сондықтан жекпе-жекке шығасың. Солтүстік Филадельфияда қалтамыздағы тиынды сақтап қалу үшін төбелестік. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Бейбіт карьерасын жалғастырады деп үміттенейік. 50 жастағы боксшыдан таяқ жедім деп психологиялық соққыдан арыла алмағандар бар. Бұл жекпе-жек – мен үшін мұрамды қорғау. Мектепке дайындал, студент!», - деді Бернард Хопкинс.
«Шаршы алаңға 50 жастағы боксшымен жұдырықтасамын деген оймен шығады деп ойласа, Бернард қателеседі. Белдікке кімнің ие болатынын уақыт көрсетеді. Мен ең үздік боксшы болғым келеді, сол себепті ең үздік боксшыларымен жұдырықтасамын. Бұл сәтті өмір бойы армандадым. Жартылай ауыр салмақта ең үздік боксшы екенімді дәлелдегім келеді», - деді Бейбіт Шүменов.
Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты – 20 сәуір, жексенбі, сағат таңғы - 07:00 (Астана уақыты). Ал «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сол күні 12:10-да қайталайды.
Фото: BoxingScene.com