Бейбіт Шүменов ұпай санымен Бернард Хопкинске есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Шүменов ұпай санымен Бернард Хопкинске есе жіберді

20.05.2014
Бейбіт Шүменов ұпай санымен Бернард Хопкинске есе жіберді
Вашингтонда жартылай ауыр салмақта (79,4 келі) WBA тұжырымы бойынша суперчемпион Бейбіт Шүменов  пен IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы  Бернард Хопкинс жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұған дейін кәсіпқой бокста 14 рет жеңіске жетіп, біреуінде жеңілген. Ал америкалық боксшы спорттық карьерасында 54 кездесуде жеңіске жетіп, оның 32-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.
 
DC Armory аренасында өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің біреуі 114-113 есебімен Бейбіт Шүменов басым болды деп бағалағанымен, қалған екі төреші 116-111 есебімен жеңісті америкалық боксшыға берді.
 
Бұл Бернард Хопкинстің кәсіпқой бокстағы 55-ші жеңісі болса, өз кезегінде Бейбіт Шүменов карьерасында екінші рет жеңілді және чемпиондық атағынан айырылды.
 
Айта кетейік, бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу